«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ойын алаңдары көбейсе…

0 236

Қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов Республика даңғылы, 7/2 үйдің тұрғындарымен кездесіп, олардың түйткілдерін тыңдады.

Аталған үйге қарама-қарсы «Астана LRT» ЖШС-не қарасты спорт алаңы орналасқан екен. Алайда тұрғын үйдің аула­сында балалар ойнайтын алаң жоқ. Тұрғындардың ай­туынша, серіктестіктің ала­ңында күмәнді адамдар жиі жи­налады. Сондықтан олар балалар қауіпсіздігіне алаң­дайды. Халық балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жеткіншектердің ойынына лайықтау үшін спорттық алаңды уақытша пайдалануға беру мәселесін қарастыруды сұрады.
Бұл кездесуге Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының, Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының, «Астана LRT» ЖШС, қаланың ПИК қауымдастығының өкілдері қатысып, тұрғындардың та­лап-тілектерін тыңдады. Қа­зіргі таңда мұндағы «Астана LRT» ЖШС иелігіндегі аумақ пен паркингті қа­ла­ның коммуналдық мен­ші­­гіне беру үдерісі жүріп жат­­қанын жеткізді. Тиісті жұмыстан соң тұрғындарды уақытша пайдалануға беру мәселесін заңдық тұрғыдан қарастыратынына сендірді. Қандай шешім шықса да, тұрғындар хабарсыз қалмай­тынын айтып өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды