Ойдағылары орындалды

0 102

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жөніндегі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қоры жүзеге асырған «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші раунды аяқталды. 

Нәтижесінде, астаналық Шыңғыс Ахметов пен Мағира Жекебаева екін­­ші раундтың жүлдегерлері ата­нып, 100 мың теңгеге ие болды.

Шыңғыс Ахметов – 35 жаста, 1-ші топтағы мүгедек. Қазіргі кезде «Дос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Оның көшіріп басу, құжаттарды сканерлеу, мәтіндерді теру бойынша өз қызметін ашу жөніндегі идеясы қолдау тапты. Грант қаржысы атқару техникалары­ мен ксерокс, принтер, сондай-ақ,­ офистік қағаздар, картридж, бо­яу сатып алу шығындарына жұм­са­ла­ды.

Ал, екінші жүлдегер Мағира Же­­ке­баева – 51 жаста. Ол – екінші топ­­тағы мүгедек. Астанаға 1997 жы­­лы келген. «Астана қаласындағы ба­­лалары бар мүгедек аналар қо­­ға­мы­ның» басшысы болып табылады. Өткен жылы Мағира жатақханадан жалға бөлме алып, тігін шеберханасын ашқан болатын. Бұған дейін ол «Даму-Көмек» қоры бағдарламасы аясында шеберханасына жаңа тігін машинасын алған екен. Қазіргі кезде тігін шеберханасы жұмыс іс­теп тұр.­

Алғаш рет «Жұлдыздарға қа­ра»­ жобасы 2005 жылы жұмысын жа­ңа­ бастаған кәсіпкерлерді қолдау, олар­дың болашағы бар қызықты бизнес-идеяларының өмірде ше­ші­­мін табуына қол ұшын беру, мү­­гедек жанды жаңа жұмыс орнында материалдық жағынан тұрақты қамтамасыз ету мақсатымен жүзеге асырылған еді.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × three =