ОДАҚТЫҢ ОРТАҚ АҚШАСЫ «АЛТЫН» БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

0 93

gold-003

Бұл жорамалды 2025 жылға таман қадеге жарату жоспарланған екен, алайда, АҚШ пен Батыс елдері Ресейге қарсы экономикалық
санкция қоюына байланысты оны енгізу барысы жеделдей түсуі мүмкін дейді мамандар.

«lifenews.ru» ақпарат көзінің жорамалына қарағанда, 2015 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа аталған үш елдің президенттері қол қойғаннан кейін осынау жаңа қаржылық-экономикалық кеңіс­тікке Қыр­ғызия, Армения және Тәжікстан қосылуы ықтимал.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бірегей валютаны тұтыну жөнін­дегі идеяны 2012 жылы Ресей басшысы В.Путин қолдаған еді. Одақ жобасында бірегей валюта тұтынуды реттеп отыратын ұлттық құрылымдардан үстем орган – Еу­разиялық орталық банк құру ниеті де бар, ол тіке­лей Одаққа кіретін мемлекеттер президенттерінің немесе премьер-министрлерінің кеңе­сіне бағынуы мүмкін.

Ал Премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың мәлім­деуінше, Одаққа мүше елдер арасында ортақ валюта енгізу мәселесі қарастырылмаған.

«Бұл әңгімелердің қайдан шығып жатқанын білмеймін. Біз ортақ валюта құру сұрағын мүлде талқыламадық және жоба келісімшартында ол мүлдем жоқ. Яғни, ешқандай ортақ валюта болмайды, теңгеміз қалады» деді вице-премьер ағымдағы аптада өткізген брифингте.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + six =