Нысандар құрылысына арналады

0 27

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін сатып алу мәселесі қаралды. Бұл телімдерде алда бірқатар нысандар бой көтереді. Тиісті жоспармен Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов таныстырды.Атап айтқанда, жобалық атауы №23-16 көше, Т.Жүргенов, ­А.Байтұрсынұлы және Ж.Нәжімеденов көшелері квадратында жапсарлас салынған үй-жайлары, паркингі және әлеуметтік-мәдени нысандары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады. К.Күмісбеков көшесі, № 7/1 үй және Ш.Қосшығұлұлы көшесі, №8 үй аумағы абаттандырылады. ­Ш.Уәлиханов көшесінен ­Ш.Жиенқұлова көшесіне дейінгі аймақта Ы.Дүкенұлы көшесі салынады. К.Күмісбеков және Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтереді. Ал А.Иманов және «Егемен Қазақстан» газеті көшелерінің қиылысында мектеп құрылысы жүргізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + sixteen =