«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

0 100

«Астанаға алғаш көшіп келгенде, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын ашып, жұрттың өнерден қол үзіп қалмауына жағдай жасадық. Кейін Бейбітшілік және Келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залы сияқты мәдениет нысандары пайда болды. Міне, бүгін сән-салтанаты келіскен  «Астана опера» театрының ашылуына куә боп отырмыз. Бұл – санаулы күндерден кейін тойланатын Астананың 15 жылдығына керемет тарту әрі Орталық Азиядағы ең үлкен, соңғы он-он бес жыл мұғдарында Еуразия кеңістігінде жаңадан ашылған жалғыз опера және балет театры болып саналады. Биыл ұлт өнерінің мақтанышы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанымызды білесіздер. Театрдың шымылдығы әйгілі композитордың «Біржан –Сара» туындысымен ашылуының мәні зор. Бұл – ұлттық өнерімізге зор құрметтің белгісі. Ұлы композиторымызға деген халықтың риясыз көңілі»

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды