Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады

0 93

Akorda

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы 22 шілдеде Мюнхен қаласында болған қарулы шабуыл салдарынан жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өзінің атынан А.Меркельге, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ Германия халқына көңіл айтты», делінген хабарламада.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + six =