Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ – ЖАҢА ТАРИХИ ҮДЕРІС

0 137

ffa9f0d2cefc11e3b1050002c955950e_8

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­ле­кеттік университетінде дәріс оқыды деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті бұдан 20 жыл бұрын өзінің ММУ-де оқыған дәрісі кезінде жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын алғаш рет ұсынғанын атап өтті.

– Оның тұжырымдамасы біздің елдеріміздің азаматтарының бәріне бірдей жақын және ұғынықты ақи­қатқа негізделген. Ортақ тарих, өзара экономикалық тартылыс, мәдениеттің өзара тығыз байланысы және адамдар ұмтылысының жақындығы біздің халық­тарымызға көп тарапты мемлекетаралық байланыстардың жаңа сипатын қалыптастыруға мүм­кіндік береді. Мен Еуразиялық одақ тек еріктілік, тең құқылық, өзара тиімді және оған мүше әрбір елдің прагматикалық мүдделерін ескеретін қағидаттар негізінде ғана мүмкін екендігін табанды түрде жақтаушы болдым және солай болып қала беремін. Бұл бастама қазіргі еуразиялық интеграция деп аталатын жаңа тарихи үдерістің бастапқы нүктесіне айналды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бірлестіктің мақсаты мемлекеттеріміздің бәсекеге қабілеттігін арттыру екенін және ол экономикалық бөлік шегінен шық­пай­тынын атап көрсетті.

Дәрісінің соңынан Нұрсұлтан Назарбаев ММУ-дің студенттері мен оқытушы-профессорлар құра­мы­ның сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы екі елдің ғылыми-техни­ка­лық ын­ты­мақ­тас­ты­ғы­ның перспективалы бағыттары туралы айта келіп, Қазақстан айқындаған индус­трия­лан­дырудың жаңа кезеңі басым­дық­тарына оның сай келуінің біз үшін маңызды екендігіне тоқталды. Бұл іргелі ғылымдардың алдыңғы қатарлы салалары – нанотехнологиялар, роботты техникалар, гендік инженерия және медицина болып отыр.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаевқа М.В.Ломоносов атын­дағы ММУ ректоры университетте болуы туралы естелік диплом тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =