«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Нұрлы жүректің» керек қызметі

0 141

Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 3-29 жас аралығындағы балалар мен жастарға стационар және жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетеді.

Орталықтың міндеті – ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың мүмкіндіктерін барынша дамыту, оларды оңалту, қорғау және қоғамға кіріктіру. Қазіргі уақытта орталықта түрлі арулары мен денсаулықта ауытқушылықтары бар 279 адамға, соның ішінде 123-іне стационарда және 156-сына күндізгі бөлімде ем жүргізілуде.
«Нұрлы жүрек» арнаулы әлеуметтік қызметтердің сегіз түрін көрсетеді. Бұл – әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-­мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-педагогикалық қызметтер бюджеттік негізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, сондай-ақ шарт жасасумен ақылы негізде көрсетіледі.
Мекемеде әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету үшін пәнаралық команда құрылды. Мұнда білікті мамандар жұмыс істейді. Орталық тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда қы­зығушылық бойынша үйірмелер ашылған. Бейімделген дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызмет алушылар мәдени іс-шараларға қатысады, цирк пен театрларға барады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды