НҰРЛЫ ҮМІТТЕР МЕКЕНІ

0 112

Ұлан-байтақ қазақ жері – ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениеттің, көсемдер мен батырлардың, қаһармандардың өлкесі. Әрбір қала өзінің басынан кешкен уақиғаларымен тарих сахнасында терең із қалдырған. Соның бірі – қазақ жерінің жүрегін Ақмолаға ауыстыруы. Мен осы өзгерістің куәгері болғаныма өте қуаныштымын. Ақмола қаласының елдің жүрегі – Астанаға айналуы – ғажайып құбылыс.

Қазақ ырымы бойынша, жаңа туған сәбиге қандай ат таңдаса, сондай тағдырға ие болады. Сондықтан, қазақтар ат таңдауға аса мұқият. Менің ойымша, қала да адамға ұқсас, адам сияқты туып, сәбилік кезінен өтеді. Жасөспірім кезінен жетіледі, бойжеткен қыздай гүлденеді, түрлі тарихи уақиғаларды басынан кешіріп, ақсақал жасына келіп, тұрғындардың тағдырларымен сабақтаса өмір сүре береді.

Кез келген қала тұрғынына, құрбы-құрдас­та­ры­ма «Астана орнағанға дейінгі Ақмола өңірі қандай тарихи оқиғалармен еске түседі?» деген сұрақты қойсам, тың және тыңайған жерді игеру кезеңін ауызға алады. Қала Целиноград деп аталатын. Облыстың жері кең, құнарлы болғандықтан, тың жерлер игеріліп, астықты өлкеге айналды. Сол заманда қалаға басқа аумақтан ағылып халық келіп қоныстана бастады. Бұл қазіргі жағдайдағы Астана өміріне ұқсас келеді.

Қала тарихының аса маңызды шағы – Ақмола қаласының ел орталығы –Астана қаласына айналуы. 1997 жыл жаңа заман лебін әкелді. Астана тарихының жаңа парақтары ашылды. Жаңа қала нұрлы үміттердің ордасына, адамдардың арманына қанат бітірер жасампаздықтың ошағына айналды.

Мөлдір ШАЙМАРДАНОВА,
Райымбек батыр атындағы
№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 + nine =