Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

0 77

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялауда

 Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесуді Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан (анықтама үшін телефон 55-69-59, 55-67-12) «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілдері ішінен конкурстық комиссия (құжаттарды қабылдау мерзімі 15 күнтізбелік күннен тұрады, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі) құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізеді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы-жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 152105 – 184491 теңге, қосымша еңбек жағдайына үстеме ақы қарастырылған

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Лауазымдық міндеттері:

медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) (бұдан әрі – ұйым) өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылықты жүзеге асырады, мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

ұйымды басқару құрылымын, штат кестесін айқындайды;

ұйымның барлық бөлімшелерінің қамқорлықтағылармен әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени қызмет көрсету, оқу-тәрбие жұмысын және өзара тиімді іс-әрекетін ұйымдастырады;

ұйымның қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

сауықтыру, оқу профилактикалық жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді;

мекемеде тұратын, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекпен бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж қамқорлықтағылардың заңды құқықтарын (жеке, мүліктік, тұрғын үй және басқа) және мүдделерін қорғайды, олардың туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау шараларын қабылдайды;

протездік-ортопедиялық, басқа да арнаулы құралдарға мұқтаж қамқорлықтағыларды олармен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады;

бөлінетін бюджет қаражаттарын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;

қамқорлықтағыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін бюджеттен тыс қаражатты тарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс тәжірибесін практикада қолданады;

қамқорлықтағыларға әлеуметтік қызмет көрсету жұмысының жаңа нысандары мен әдістерін енгізеді, ұйымды заманауи техникалық оңалту және қамқорлықтағыларды күтім көрсету құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, заңды өкілдермен (ата-аналармен, қамқоршылармен) жұмысты үйлестіреді;

кадрларды іріктеу, қабылдау және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды;

кадрлардың біліктілігін арттыру, өмір және денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны ұстап отыру шараларын қабылдайды;

қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртібін күшейту, аттестаттау жұмысын жүргізеді;

ұйымның сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіреді және қорғайды;

қызметкерлерді еңбекке ынталандыруды, бастамалары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және қамқорлықтағылар арасында бөлуді қамтамасыз етеді;

шарттар жасайды, сенімхат береді, қажетті есеп беруді, статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді;

санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына, өртке қарсы нормалардың орындалуына жауап береді.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексті;

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексті;

Еңбек Кодексін;

Мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңды;

Тiл туралы заңды;

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды;

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңды;

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңды;

Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;

Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;

Мемлекеттік сатып алу туралы заңды;

әлеуметтік жұмыс теориясы мен әдістемесін;

ұйымның бейіні мен ерекшеліктерін;

заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін;

социология, психология, педагогика, психологиялық профилактика, этика, геронтология негіздерін;

тәрбиелеу және әлеуметтік жұмыс әдістерін;

медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу негіздерін;

әлеуметтік жұмыстың негізгі әдіснама қағидаттарын;

шаруашылық-қаржылық қызметті ұйымдастыруды;

салық және бюджет заңнамасының негіздерін;

персоналды басқару теориясы мен тәжірибесін;

статистикалық және әдіснамалық талдау әдістерін;

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.

 

.           Біліктілігіне қойылатын талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, заң, экономикалық) білім және жұмыс өтілі әлеуметтік қорғау жүйесінде кемінде 3 жыл немесе басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.)

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (интернет-ресурста, БАҚ-да конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін) 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша: «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үй,  «Нұрсая 2» ТК, 2 қабат, 15 кабинетке тапсырылуы қажет.

Анықтама үшін телефондар: 55-69-59, 55-67-12

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × five =