«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Нұр Отан» филиалының төрағасы сайланды

0 147

  «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс өткен XXVI конференциясында филиалдың жаңа төрағасы сайланды. 

 Делегаттар бұл қызметке Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты тағайындау туралы ұсынысты бір­ауыздан қолдады.
«Исекешев Әсет Өрентайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы қызметінен босатылып, Астана қаласының әкімі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы қызметіне тағайындалсын» делінген конференция қаулысында.
Сондай-ақ, жаңа әкім арнайы қау­лымен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының Саяси кеңес құ­рамына қосылды.
«Бақыт Тұрлыханұлының мемле­кеттік қызметте тәжірибесі мол. Түрлі лауазымдарда қызмет етті. Енді, міне, Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкім болып тағайындалды. Бұл үлкен сенімді білдіреді. Өзім­нің және әріптестерімнің атынан Бақыт Сұлтановты астаналық фи­лиалға – партияның ең үлгілі филиа­лына төрағалыққа келуімен құттық­таймын» деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды