«Нұр Астана» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті

0 205

Ел мұсылмандарының қара шаңырағы – Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масы қайырымдылық шараларына үлкен маңыз беріп келеді.

03

Игі дәстүрге айналған бұл акция бас қалада тұратын әлеуметтік тұрмыс-ахуалы төмен отбасы балаларына үлкен қуаныш сыйлады. Шараға ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Өмірзақ Озғанбаев, Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының бас маманы Тоқташ Абсағатұлы қатысып, оқушыларға оқуда озат болып, білім жолында жетістіктерге жете беруге тілектестік білдірді.
«Білім – сіздердің және елі­міздің жарқын болашағының алтын кілті. Осы жолда талмай-тынбай білім алу – сіздердің басты міндеттеріңіз. Қасиетті Құранда білімділердің дәрежесі жоғары, мәртебесі биік болатыны ашық баяндалған. Хал­­қымыз да білімді «өмір шырағы» деп таныған. Ата-аналарыңыздың үкілеген үмітін, сүйікті Отанымыздың сенімін ақтап, білімді болуға ұмтылыңыздар. Жаңа оқу жылы құтты, берекелі болсын!» деді ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы.
Игі шара аясында 200 оқушы оқу құрал-жабдықтарына, сондай-ақ мектеп формасына қажетті қаражатқа ие болды. Жыл сайынғы оқу маусымына дайындық жа­сауға мүмкіндіктері шектеулі жандарға, көпбалалы отбасыларға, ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балаларға демеу болу мақ­сатында ұйымдастырылған акция респуб­лика көлемінде, облыс, аудан, аймақтарда да өткізілмек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =