«NUR ALEM» шақырады

0 13

7 қыркүйекте елорданың әсем жерлерінің бірі – NUR ALEM музейі елорда тұрғындары мен қонақтарына есігін ашып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз істейді.

Алайда адамдар коронавирус инфекциясы таралмас үшін санитарлық талаптарды ұстануы қажет. Келушілер медициналық маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Мұражайға кірген кезде келушілердің дене қызуы арнайы құрылғымен өлшенеді, сонымен қатар ғимаратта антисептик пен санитайзер орнатылған.

Музейге келушілерді сфера пішінді бірегей ғимараттың сегіз қабаты бойынша қызықты экскурсиялар күтеді. Сондай-ақ барлық қабаттарда робот-гидтер жұмыс істейді.

Айта кетейік, мұражайға бір рет кіру билетінің бағасы – 1500 теңге. ҚР азаматтарының белгілі бір санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған: оқушылар мен зейнеткерлер үшін билет құны – 500 теңге, студенттер үшін – 800 теңге. ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы аналар және 6 жасқа дейінгі балалар музейге тегін кіреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 19 =