Нөсер суынан қорғайды

0 12

«Сапалы жол» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Алматы ауданы әкімдігінің жауапты мамандары және қоғам өкілдерімен бірлесіп, «Кирпичный» шағын ауданындағы нөсер кәріздерінің жағдайына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында еріген судың болуына және асфальтбетон жабынының бұзылуына байланысты жол жабынының сапасына әсер ететін тазарту құрылыстарын күтіп ұстау бойынша мердігерлік ұйымдардың сапасыз жұмыс істеу фактісі анықталды.
«Кирпичный» шағын ауданы аумағындағы тазарту құрылыстары қала балансына берілмегенін атап өту қажет. Жүргізілген жұмыс қорытындысында Алматы ауданы әкімінің аппаратына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және мердігерлік ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту ұсынылды.
Сондай-ақ «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлерімен жол жабынының ақауларын анықтау мақсатында қала көшелерін аралау жүзеге асырылды, соның шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін жолдардың проблемалық учаскелері тіркелді. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 2 =