Нөсер суы мәселесі қалай шешіледі?

0 9

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Жастар» шағын ауданындағы (Ж.Тәшенев және Амман көшелерінің қиылысы) коллекторларды қалпына келтіру мен тазарту құбырларының және А.Тоқпанов пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысындағы нөсерлік су кәрізінің құрылысымен танысты.Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың нөсер жауыннан жиналатын судың алдын алу үшін кәріздер салу жұмысының қарқынын арттыруды тапсыр­ғаны мәлім. Осыған орай, қаланың екі аумағында құрылыс жүргізілуде. «Жастар» шағын ауданындағы тазарту құбырларының қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл нөсер жауынның суын канализациядан өткізу қабілетін арттырып, суды бөгетсіз жинауды, жер үстіндегі ағындарды бұруды және тазартуды қамтамасыз етеді. Тазарту құрылғылары Ж.Тәшенев, А.Бараев, Ш.Уәлиханов,
Ш.Иманбаева көшелері мен Республика даңғылында су басуды болдырмау мүмкіндік береді. Бұл жұмысты 2021 жылы аяқтау жоспарланған.
Екінші нысан – А.Тоқпанов пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысындағы нөсерлік су кәрізінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін 5 ұңғыма учаскелерде су ағызу мен су деңгейін төмендету шаралары атқарылды. 130 метрден аса магис­тральды коллектор салынды. Қазір елорданың нөсерлік су кәрізі жүйе­сі 15 тазарту құрылғысынан, 3 су жинағыш тоғаннан, 390 шақырымдық магистральды коллектордан, арық желісінен, 64 су сорғыш станциядан, 20 мың жаңбыр суларын қабылдайтын құдықтан тұрады. Өткен жылы Мыңжылдық аллеясы аумағындағы екі учаскеде нөсерлік су кәрізін салынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =