Нобель медалінің иегері

0 186

«Астана таңдауы» байқауына ұсынылғандардың бірі – техника ғылымдарының докторы, өнертапқыш ғалым Сағымбек Әлтайұлы.

Жаратылыстану ғы­­лым­да­ры фа­куль­­те­тінің био­­­тех­­нология және микробио­логия ка­фед­­расының про­­­­фес­соры Са­ғым­бек Әл­тайұлы 1949 жы­лы Жамбыл облысы Жуа­лы ау­да­ны Қызыларық ауылын­да дү­ниеге келген. 1971 жы­лы Жамбыл жеңіл және та­мақ өнеркәсібі ин­сти­туты­ның тамақ өнеркәсібі ма­ши­на­ла­ры мен аппараттары ма­­ман­­ды­­ғының инженер ме­ханигі бойын­ша бітіріп, кейін Воронеж тех­но­ло­гия­лық институтының та­мақ өнер­кәсібі процестері мен ап­па­рат­тары мамандығы бойынша ас­пирантурада оқыған. Ең­бек жо­лын Жам­­был же­ңіл және тамақ өнер­кәсібі технологиялық ин­сти­тутының ассистенті, аға оқы­тушысы қызме­ті­нен бастады.

2004 жыл­дан бері Еуразия ұлттық университе­тінің Жараты­лыс­тану және тех­ни­ка факуль­тетінің био­ло­гия және биотехно­ло­гия кафед­­расы­­ның до­центі қызме­тін ат­қарды.

Жұмыс істеген кезеңдер­де ол өзін білікті ма­ман-оқы­­тушы ретінде көр­­сете бі­ліп «Биотехно­­логия» ма­ман­дығы бойынша оқитын сту­денттерге биотех­­ноло­­­­гия­лық құ­рал-жаб­­­­дықтар, тамақ өнеркә­­сі­­­бі­нің процестері мен ап­­­па­­рат­­тары, өндірістік био­­­тех­­нология негіздері пән­­­дерінен дәріс және тәжі­ри­­­белік сабақтар беріп көп­­теген жаңа ұсыныстар ен­­гізді. Еу­разия ұлттық уни­вер­сите­тінің Жаратылыстану ғы­лым­дары факультетінің кәсі­би бағдарлау бойынша жауап­ты қызметін атқара оты­рып, факультетте және уни­верситетте студенттер кон­тин­гентін құру жөні­нен үлкен ұйымдастыру жұмыс­тарын атқарды.

Бірнеше қолданбалы ғы­лыми-зерттеу жобалардың авторы, еліміздің аграрлық ғылымдарының дамуына үл­кен үлес қосып жүрген азамат республикалық және халықаралық деңгейдегі ғы­лы­ми-практикалық конференцияларда, семинарларда, көрмелерде байыпты баяндамаларымен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Сағым­бек Әлтайұлы өзінің ғылыми-педагогикалық қызметін қо­ғам­дық жұмыстармен де ұш­­тас­тыра атқарады. Ол – Ас­тана қаласындағы аумақтық сайлау комиссиясының қо­ғамдық негіздегі мүшесі, Қа­­зақ­­стан социал-демок­ра­­тия­лық «Ауыл» партия­сының Астана қаласы бойынша үй­лес­тірушісі.

Үш монография, 26 авторлык куәлік және патент, бар­лығы – 260 ғылыми еңбектің авторы, мемлекеттік ғылы­ми стипендияларының иегері, «Ең үздік ЖОО оқы­ту­­шы­сы» атанып, Ресей жа­ра­­ты­лыс­тану Академиясы Пре­зи­диу­мы­­ның шешімі бойынша «Өнертапқырлықтың дамуына үлес қосқаны үшін» Альфред Нобель атындағы ме­даль­мен марапатталған білім­паз ғалым Сағымбек Әл­тайұлы байқау жеңімпазы болу­ға әбден лайықты дейді әріптестері.

Әзірлеген:
Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 16 =