Ауыр жүк көліктері кірмейді

Ауыр жүк көліктері кірмейді
Фото: depositphotos.com

Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автокөліктердің жүру схемасы мен тәртібі айқындалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңы 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі тиісті қаулы шығарды. Осы құжатқа сәйкес, ауыр жүк таситын транзиттік көліктер бұдан былай Астанаға кіре алмайды. Олар тек «Астана қаласының айналма жолы» автокөлік жолы арқылы жүре алады. Бұл ретте қала шегінде жеңіл автокөліктердің қозғалысына шектеулер белгіленбеген.