«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Несие рақымшылығы

0 100

Президент Қ.Тоқаев қазақстандықтардың несиесі бойынша қарызын кешіруге пәрмен берді.

Бүгінгі таңда еліміздегі тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) әртүрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өздерінің несиелік міндеттемелерін орындай алмай отыр. Көптеген азаматтардың несиелік жүктемесі өсіп, таза табыс көлемі төмендеуде. Мұндай жағдай 500 мыңға жуық несие алушылардың тұрмысына тікелей әсер етуде. Атап айтарлығы, несиелердің 86 пайызынан астамының мөлшері 1 млн теңгеден аспайды. Қарыздардың орташа мөлшері – 300000 теңге.
Осыған орай, қарызға батып, тұрмысы ауыр­лаған адамдардың жағдайына бейжай қарай алмаған Мемлекет басшысы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік көмек көрсету туралы Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлыққа сәйкес, Үкімет пен Ұлттық банк бір реттік акция ретінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады. Біріншіден, тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде жоғарыда аталған санаттағы азаматтар үшін мемлекет банктер мен қаржы ұйымдарынан алған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейінгі негізгі несиесі мен оған есептелген сыйақыны өтейді. Алайда ескеретін нәрсе, олардың 2019 жылғы 1 маусымға дейінгі қарызының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы шарт. Несие алғандардың 55 пайызының, яғни 255 мың адамның негізгі несиесі мен сыйақысын қоса алғанда барлық қарызы кешіріледі.
2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бо­йынша банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады. Несие алушылардың аталған төлемдерін есептен шығару 2-інші деңгейдегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ несие беруге, несиеге қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына қатысты айыпақы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады. Тағы бір жаңалық, бұдан былай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азаматтарға қарыз беруге тыйым салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды