Несие аларда ескеріңіз!

0 80

Бүгінде несиесі жоқ адам кемде-кем. Бір қарызын жауып, дереу екіншісін алатын, несие­ге ұрынғыштар арасында басым бөлігінің қарыз шартына қол қоярда барлық талаптарды оқып отырмайтыны шындық. Содан кейін міндеттемелерді орындауда күтпеген қиындықтарға тап болып жатады. Қаржылық сауаты болмауының кесірінен арамызда басындағы жалғыз баспанасын банкке кепілге қойып, қарызын өтей алмай, опық жеп отыр­ғандар аз емес. Несие алмас бұрын жұрт нені қаперінде ұстауы керек? Келісімшартқа қол қою кезінде не нәрсеге назар аудару керек?

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі үнемі дамып келеді. Агенттік жұмыс істеген екі жыл ішінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды. Соңғы жылдары 50-ден астам осындай түзетулер болды. Атап айтқанда, тұтынушылардың зерттелуін арттыру мақсатында форматы барлық банктер үшін бірдей титулдық парақтың банктік қарыз шартына қосымшаны көздейтін норма енгізілді.
Жадынамада қарыз алушыға оларды басқа банктердің ұқсас ұсыныстарымен салыстыруға мүмкіндік бере отырып, қарыз шарттары туралы, сондай-ақ қарыз алушының жауапкершілігі туралы толық ақпарат қамтылған. Банктік қарыз шартына, сондай-ақ форматы барлық банктер үшін бірдей және қарыз туралы негізгі ақпаратты қамтитын титулдық парақ қоса беріледі. Шарттың мәтіні титулдық парақтан кейін жазылған. Осылайша қарыз алушы ресімдеуге шешім қабылдаған кредиттің негізгі талаптары туралы толық ақпаратты банктік қарыз шартын жасамас бұрын алуы керек.
Қарыз алушыларға арналған жадынамада қамтылуға тиіс:
1. қарыз сомасы мен валютасы;
2. қарыз мерзімі;
3. төлемдер саны;
4. сыйақы мөлшерлемесінің түрі (тіркелген немесе өзгермелі), жылдық пайызбен не тіркелген сомамен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
5. дұрыс, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
6. қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың және өзге де төлемдердің атауы мен мөлшері;
7. өтелуге тиіс жалпы сома;
8. сыйақының жиынтық сомасы;
9. негізгі борышты және сыйақыны уақытылы өтемегені үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері;
10. банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарыз­ды мақсатсыз пайдаланғаны, сақтандыру шарттарын уақытылы ресімдемегені үшін және т. б.);
11. сақтандыру шартын жасау қажеттілігі және оны ұзарту мерзімі;
12. банктің байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, банк сайтының мекенжайы).
Жадынамада көрсетілген қарыз беру талаптары болжамды болып табылады. Олардың мақсаты – клиент таңдаған банктің қарыз талаптарын басқа банктердің қарыз талаптарымен таныстыру және салыстыру. Түпкілікті талаптар шартта көрсетіледі. Сондықтан осы маңызды құжатқа қол қоймас бұрын оны тағы бір рет мұқият зерделеу керек.
Титул парағында қамтылуға тиіс:
• қарыз сомасы мен мерзімі;
• сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
• жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
• өтеу әдісі мен тәсілі;
• шартта қарыз алушының негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығы болған кезде осы құқықты іске асыру үшін қарыз алушының банкке тиісті өтінішпен жүгіну қажеттігі туралы ақпарат;
• шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақы (айыппұл, өсімпұл) мөлшері;
• қарыз алушының банкке банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін кешіктірудің туындау себептері, кірістері және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш беру құқығы туралы ақпарат.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 2 =