НЕМІС ТАРИХЫНЫҢ НЫШАНЫ

0 88

Германия Федеративтік республикасының Қазақстандағы елшілігінің және Астана қаласы Мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен Саяси репрес­сия мен тоталитаризмнің құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориал­ды мұражай-кешенінде Ескерткіш белгінің ашылу рәсімі өтті.

1938 және 1956 жылдар аралығында «АЛЖИР» лагерінде сол кездегі солақай саясаттың құрбанына айналған белгілі мемлекеттік тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің аналары, қарындастары мен әйелдері тұтқында болса, олардың жалпы саны шамамен 20 мыңнан асып жығылған. Ал сол лагерьде тұтқында болған 62 ұлттың өкілдерінің 169-ы неміс ұлтының аза­матшалары екен. Шараны ұйымдастырушылардың айту­ынша, бұл ескерткіш сол саяси қуғын-сүргінге ұшыраған неміс ұлты өкілдерін тарих парағында сақтауға өз үлесін қоспақ.

Шара аясында «АЛЖИР» мұражайының бастамасымен «Мәңгілік рух» көрмесінің де ашылу рәсімі өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 15 =