НЕМЕРЕМДІ НАУҚАСЫНАН АЙЫҚТЫРҒАН АСТАНА

0 153

bolnica_1

Дүниеге келгеніне тура бір ай толғанда немерем Омар ауырып, Астанадағы №1 қалалық балалар ауруханасына түскен. Жағдайы әжептәуір ауыр деп естідім. Өкпесіне суық тиген. Төбемнен жай түскендей күйдемін. Қолдан келер шара жоқ.

Сасқанымнан елордада Респуб­ли­калық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында дәрігер болып істейтін туыс інім Мұрат Байдарбековке хабарластым. Әрине, көмек көрсетуін өтініп қой. Қанша дегенмен бауыр емес пе, ол дереу ауруханадағы әріптестерімен байланысып, нәрестенің жай-жағдайын біліпті. Мені сабырға шақырып, баланың аман-есен айығып шығатынына сендірді.

Араға апта салып алып-ұшып Астанаға жеткен мен немерем Омар­дың №1 қалалық балалар ауру­ха­насының ерте жастағы патология бөлімінде дәрігер Қарлығаш Матай­баеваның қолында емделіп шыққанын, оның ойдағыдай айығып шығуына сол ауруханадағы балалар неврологиясы бөлімінің дәрігері Гүлнұр Қуанышеваның белсене атсалысқанын естіп, риза болдым. Оларға аталық алғысым шексіз.

Білікті де білімді мамандарды жақсы іске жұмылдыра білген басшыларға да алғыс айтқан ләзім. Сондықтан аурухананың бас дәрігері Лариса Павловец пен бөлім меңгерушісі Әсел Шаймердиноваға да рахмет айтамын.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізді ілгері жетелеп, бас шаһардың медициналық кластерін қалыптасыруға жіті назар сала бастағанын білеміз. Әлемнің ең мықты технологиялары елорданың да денсаулық сақтау нысандарынан табылуда. Немеремнің құлан-таза айығып, жанарына күлкі ұялағаны осындай игі шаруалардың шапағаты деп білемін

Болат ЖАППАРҰЛЫ,

Тараз қаласы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 19 =