НЕКЕ КУӘЛІГІН ТАБЫСТАДЫ

0 122

kbb_3605

Астанадағы Сарыарқа ауданы­ның әкімі Арман Тұрлыбек Тұңғыш Президент күніне орай шаңырақ көтерген онға жуық жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктерін табыс етті.

Игілікті шара алдымен көңілді сазға
тербеген әуезді әуенмен ашылды. Жаңа өмірге қадам басып отырған жас жұбайлардың жүздері толқып, алабұртып тұрғаны байқалады.
– Сіздер Тұңғыш Президент күні еліміздің бас қаласында шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірдің шырағын жағып, қол ұстасып, арман жолына сапарға шыққалы тұрсыздар. Жолдарыңыз қашанда ашық болсын! Бүгінгідей айтулы күн сіздердің естеріңізден мәңгі кетпейді деп ойлаймын. Сондықтан барлық жас отбасы­-
ларға бақыт, шаттық, береке тілеймін, – деді аудан басшысы.
Дәл айтулы мереке күні Тәуелсіздік құрдастары саналатын Бақтияр мен Айнұр шаңырақ көтеріп отыр. Екеуі де бір-бірін қатты ұнатып, өмір бойы бірге болуға сөз байласыпты. Олардың ата-аналары да балаларының қуаныштарына шексіз риза болып жүр.
– Біз отбасылық құжатымызды осындай салтанатты жағдайда аламыз деп ойлаған жоқпыз. Осындай ізгілікті істі ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Егемен еліміздің көшін өрге сүйреген Елбасының еңбегі ерен. Біз­дің тойымыздың Тұңғыш Президент
күнімен орайлас келгені де жақсы­лық­тың белгісі. Бүгінгі күн – біз үшін тарихи сәт. Оны мәңгі ұмытпаймыз. Туған еліміздің дамуына үлесімізді қосып, бақытты отбасы болуға бар күшімізді саламыз, – дейді Бақтияр.

Азамат ҚҰСАЙЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 9 =