«Наздың» нақыштары

0 87

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театры ХІІ мау­сымын аяқтады. Концерттік маусымның жабылуы қарсаңында Болгариядан сүйінші хабар келді. Сол елде онлайн форматта өткен «Vitosha-2020» халықаралық фольклор фестивалінде астаналық өнер ұжымы фестиваль директорының арнайы сыйлы­ғын иеленді.

Карантинге байланысты «Наз» театры басқа мәдени ошақтар сияқты соңғы төрт ай көлемінде қашықтықтан өнер көрсетті. Соның ішінде би өнеріне қатысты онлайн-дәріс­терді өткізді. Жалпы тарихы жиырма жылдан асатын өнер ұжымы бастапқыда төрт бишіден құрылып, қазір 150 қызметкері бар іргелі шаңыраққа айналды. Бұл қатарда бишілерді ғана емес, әншілерді де атап өтуге болады. Ұжым ансамбль дәрежесінен мемлекеттік би театры деңгейіне көтерілді.
Театр репертуарында 100-ден астам ұлттық би бар. Қазақ билерінің өзі 30-дан асады. Бұған қоса, 10-нан аса хореографиялық спектакль қойды. Атап айтқанда, «Тұйғындар», «Нұрғиса», «Болеро», «Ақ пен қара», «Мың бір түннің бір түні», «U – sana», «Қазақ жәдігерлері», «Алжир», «Шыңғыс хан» сияқты қойы­лымдар көрерменнің ықыласына бөленді.
Ал өткен маусымды театр «Балалы үй – базар» атты қайырымдылық концертімен бастаған еді. Маусым ішінде тағы осындай мейірімділік, ізгілікке шақыратын бірнеше шара өткізді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы сынды маңызды мемлекеттік мерекелердің өз деңгейінде өтуіне атсалысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =