Наурызда игі істер игілікке айналды

0 38

Нұр-Сұлтан қаласында Наурыз мерекесін тойлау «Қайырымды істер» ұранымен өтеді және мыңға жуық азық-түлік себетін тарату жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

«Біз қаланың барлық тұрғынын белсенділік танытуға және мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге, яғни қар күреу, дәрі-дәрмектерге бару, азық-түлік сатып алу секілді қайырымдылық шараларына шақырамыз. Адам өз басындағы қиындығын еңсеру үшін жалғыз өзі ғана емес, өзгелердің де жәрдем беріп, қоғамның бір бөлшегі екенін сезінуі қажет.
Сонымен бірге коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де бар екенін ұмытпаңыз. Әсіресе мереке күндері адам көп жиналатын орындардан аулақ болған жөн. Бұл күндерді үйде, отбасымен бірге, яғни шағын ортада өткізген жөн. Демалыс күндері уақытты қызықты өткізу үшін қаланың мәдениет мекемелері теледидар мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткізілетін онлайн іс-шаралар кешенін дайындады. Олардың арасында концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар, тарихи-танымдық дәрістер мен конференциялар, акциялар мен конкурстар бар.
«Игі істер» жалпыұлттық марафоны аясында елордалық еріктілер, меценаттар, кәсіпкерлер, белсенділер наурыз айынан бастап жалғызбасты зейнеткерлерге, қарт адамдарға, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға екі мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Қарлы күндері аулаларын қар мен мұздан тазартуға көмектесті. Іс-шаралардың бәрі санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Бұл игі істер мереке күндері де жалғасады» деді әкім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 5 =