НАУРЫЗДА ИГІ ДӘСТҮРЛЕР ЖАҢАРТЫЛМАҚ

0 140

935848a19f29ad75625cad5a811

Биыл Ұлыстың ұлы күні жылдағыдан өзгешелеу өткізілмек. Бұл туралы Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілепов мәлім етті.

Биыл 70-ке жуық киіз үй тігіліп, халқымыздың тарихы мен қолөнерінен сыр шертетін түрлі көрмелер өтеді. Жылдағы игі дәстүрмен бұл шараларға өңірлер ерекше ат салысуда. Мәселен, биыл Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстарынан ұзын саны 360-тан аса мәдениет және өнер шеберлері қатысатын елордада 25 наурызға дейін ұзын саны 300-ден астам мерекелік іс-шаралар жоспарланған.

Басқарма басшысы оларды мазмұндық тұрғыдан үш топқа бөліп қарастырды. Бірінші – рухани-идеологиялық шаралар, олар әдетте 21-22 наурызда болатын басты мерекелерге дейін өтеді. Олардың жалпы саны 260-тан асып отыр. Екінші – әлеуметтік шаралар. Атап айтатын болсақ, Наурыз мерекесі аясында 16 әлеуметтік бастама бар. Оның ішінде жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге ақшалай материалдық көмектен бөлек, қарттар үйінде, мүгедектер емханасында мерекелік арнайы дастарқан басында түрлі қойылымдар көрсетіледі, сонымен бірге цирктер мен қаламыздағы барлық кинотеатрларда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін көрсетілімдер ұйымдастырылады», – деді басқарма басшысы.

Жалпы халық үшін қаламыздағы негізгі сауда орындарында, ойын-сауық орталықтарында 10 пайыз жеңілдіктермен қатар, келушілерге де осы орындардың тарапынан тегін дәм ұсынылмақ. Арнайы  мерекелік бағдарламалар қаланың орталығында ғана емес, сонымен қатар, шеткі ауылдарда да өтетін болады. Үшінші – мәдени-шығармашылық шаралар, олардың дені мерекелік демалыс күндері қаламыздың барлық ашық және жабық алаңдарда өтетін болады», – деді ол.

Қымбат Нұрғали

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =