Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын «Армысың, әз Наурыз!» атты байқаудың ЕРЕЖЕСІ

0 852

Байқаудың мақсаты

Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру.

2. Байқаудың шарты

Бүкілхалықтық мейрам аясында байырғы дәстүрлерді ұлықтау мен оларды жаңа заманның мәдени үдерісімен сабақтастыру барысында оның жалпыадамзаттық ізгілікті мұраттарын, қайырымдылық сипатын түсіндіруге, пәлсапалық мазмұнын ашуға айрықша мән беріледі. Сондай-ақ, мейрам ауқымында көрсетілетін дәстүрлердің табиғилығы мен шынайылығына, орындалу шеберлігіне де ерекше назар аударылады.
Байқауда мынадай мерекелік шарттарға мән беріледі:
– мерекелік іс-шаралар өткізу (мұнда іс-шараның мазмұндылығы, сапасы, ауқымы, қызметкерлердің толық қатысуы қаралады);
– Наурыз мейрамының байырғы мазмұнын ашу (бұлақ көзін ашу, ағаш егу, сәлемдесу, кешірім жасау, мейірім таныту, бата беру және т.б.);
– ұлттық киімдердің жарасымдылығы;
– ұлттық тағамдардың дайындалуы;
– ұлттық ойындар және т.б. салттардың көрсетілуі;
– мерекенің безендірілу деңгейі.

3. Байқаудың талаптары

Байқауға қатысатын мекемелердің безендірілуі 10 наурызға дейін аяқталуы тиіс.
Мерекелік шаралар 11-22 наурыз аралығында өткізіледі. Осы күндері қазылар алқасы мекемелерді аралап, бағасын береді. Соған орай алдын-ала құрылатын кестеге енгізу үшін іс-шара туралы ақпаратты (түрі, уақыты, өтетін орны /мекемелерде, театрларда, мейрамханаларда және т.б./) 1 наурызға дейін Тілдерді дамыту басқармасына жолдауы қажет.

4. Байқауға қатысушылар:

Байқау төменде көрсетілген 7 сала бойынша қорытын­дыланады:
Аумақтық мекемелер;
Жергілікті мемлекеттік органдар;
Құрылымдық мекемелер;
Денсаулық және спорт мекемелері;
Орта арнаулы және жоғары оқу орындары;
Көлік, байланыс және басқа да кәсіпорындар;
Халыққа қызмет көрсету мекемелері (халыққа қызмет көрсету орталықтары, сауда орындары, қонақ үйлер, мейрамханалар, банктер және т.б.).

5. Байқау қорытындысы:

27 наурызда жеңімпаздар Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Байланыс телефондары:
55 72 86ф, 55 67 25, 55 67 26, 55 67 27

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =