НӘРЕСТЕНІҢ НӘСІБІ

0 66

АА-11-30

Бас қаланың полицейлері толғатып жатқан ананың өміріне араша түсіп, аман алып қалды.

   Уақиғаның мән-жайы былай болған. Түнгі сағат үштің шамасында полицияның кіші сержанты Бекзат Айдаров пен қатардағы қызметкер Асхат Қасымовтан Бөгенбай даңғылының бойында тұрған жеңіл көліктің жүргізушісі көмек сұрайды. Ол жолда әпкесінің толғағы басталғанын айтып, тезірек перзентханаға жеткізуді өтінген. Ер адам медициналық мекемеге барар жолды білмейді екен, өйткені елордаға Ақмола облысындағы Астраханка ауданының Первомайка ауылынан  таяуда ғана көшіп келіпті. Инспекторлар дереу дабыл жүйесін іске қосып, сол арқылы әлгі мәшинені №2 перинаталдық орталыққа жылдам апарады. Сөйтіп, жүкті әйелді дәрігерлерге уақытылы тапсырады.

     Отыз жеті жастағы Александра Карасева сәтті босанып, үш жарым келілік қыз баланы дүниеге әкелді. Шақалаққа Вероника деген есім берілді. Бүгінде сәбидің де, анасының да жағдайы жақсы. Қарбалас шақта қол ұшын созған инспекторларға кейіпкерлеріміз дән риза.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 19 =