НАҚ-НАҚ

0 126

«Барыс» басым түсті

Астаналық «Барыс» хоккей клубы өз алаңында  Мәскеудің «Динамосын» жеңді. Ойынның бірінші кезеңінде Вадим Краснослободцев есепті ашып, «Барысты» алға шығарса, екінші кезеңде шабуылшы Брэндон Боченски қарсыластың қақпашысын тағы бір қапы қалдырды. Есеп 2:0.

 Қар қалыңдады

2013 жылдың қаңтар айында елордада жауған қар айлық мөлшерден анағұрлым артып, 226 %-ды құрады. Синоптиктердің мәліметі бойынша, биылғы қардың ылғалдылығы көп жылғы тәжірибеден 2-3 есе жоғары екендігі байқалады. Ал осы аптада елорданың Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары аумағынан 150 мың текше метрден астам қар шығарылса, оның 28 текше метрі тек «Шұбар» тұрғын үй алабы аумағынан тасылған.

Кәсіпкерлікке жол көрсетті

Астанада отандасымыз, Ресейдің үздік кәсіпкері «Арман» холдингінің президенті Серікбай Бисекеев жас кәсіпкерлер мен студенттерге дәріс оқыды. «Жетістік жолы» атты лекцияны Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы «Кәсіпкерлікке жол көрсет» жобасының аясында ұйымдастырды.

 «Өзгерістер желі»

Елордада  балалар шығармашылығының алғашқы инклюзивтік «Өзгерістер желі» фестивалі өтті. Аталған фестивальде дені сау және мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы біріктірілген.

 САНСӨЙЛЕМ

Биыл 931 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 95 310 шаршы метрді құрады. Ол 2012 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 32,5 пайызға аз. Аталған мерзімде жеке үй салушылар жалпы көлемі 5705 шаршы метр үй тұрғызды. Бұл 2012 жылдың сәйкес мерзімі деңгейімен салыстырғанда 84,8 пайызды құрайды. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінде жеке тұрғын үй салушылардың үлесі  6%, ал 2012 жылы ол  4,8%-ды құраған болатын.

КЕШЕ

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы және «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ жазуы: төл дыбыс – төл әліпби» тақырыбында семинар өткізді.

БҮГІН

«Есіл» ауданы әкімінің аппараты «Шығыс Ильинка» тұрғын алабы Әскери қалашағында қар және мұзды шығару бойынша кеңейтілген коммуналдық сенбілік өткізеді.

 ЕРТЕҢ

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық казақ музыкалық-драма театрында А.Цагарелидің «Гамарджоба!» музыкалық комедиясы қойылады.

 Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + 1 =