НАҚ-НАҚ

0 90

«115»

Бұдан былай «115» нөміріне телефон соғу арқылы (қоңыраусоғу – тегін) прокуратура органдарына жүгінуге болады.

Сондай-ақ, Астананың кез келген тұрғыны мен қала қонақтарының электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.115.kz порталына электронды өтініш жолдауға мүмкіндіктері бар екенін еске саламыз.

Көгал көбейеді

Елорданың Есіл ауданында2012 жылы 30 орамішілік аумақ абаттандырылды.

Биылғы жылы тағы да 36 аулаға көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жертөлелер жөнделді

2012 жылы елорданың Сарыарқа ауданында 881 көпқабатты тұрғын үйдің жертөлелерінде мүлікті түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында 58 жертөленің инженерлік желілері әбден тозғандығы анықталды. Осыған байланысты жылу беру құбырлары, кәріздер, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйесі ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Иіс тиіп, уланды

Астана қаласының Алматы ауданында пештің ақауы салдарынан 12 және 18 жастағы екі жасөспірім иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.

КЕШЕ

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» қабылдады.

БҮГІН

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасының премьерасы қойылады.

ЕРТЕҢ

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы және «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ жазуы: төл дыбыс – төл әліпби» тақырыбында семинар өтеді.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =