©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
Бала Пианистер байқауы
Жас пианистердің бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылды.
Байқауға шет елдердің және Қазақстанның ең шалғай аудандарының балалары қатысады деп күтілуде.
EXPO-2017 дирекциясы іске кірісті
«EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» ЖШС-ін Қаһарман Жазин басқарады.
Дирекция еріктілер қызметін ұйымдастыру, логистика, қауіпсіздік, жарнамалық және маркетингтік қызметтер көрсету, қаланы дайындау, туризмді дамыту, кәдесый өнімдерінің саудасы және т.б. мәселелермен айналысады.
15 саябақ салынады
Есіл ауданындағы саябақтардың жалпы аумағы 347 149 шаршы метрге жетті.
Өткен жылы көгалдандыру бағдарламасы аясында 4 330 қылқан жапырақты ағаш, 1500 қума метр тал-шілік, 81 484 шаршы метр гүлбақша және 4 100 шаршы метр гүлзар отырғызылды. Ағымдағы жылы Астананың 15 жылдығы мерекесі қарсаңында 15 саябақ салынады және қайта жөнделеді.
Жолдар жөнделді
2012 жылы елорданың Сарыарқа ауданында 1,3 км жол салынып, 4 км-ге тарта жол қайта жаңартылды.
1,1 шақырым жол теліміне орташа жөндеу, 125 ш.м алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 650-ден астам люк жол белгілеріне дейін көтерілді.
Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ