НАҚ-НАҚ

0 97

Әуе компаниясының әлеуеті

«Эйр Астана» әуекомпаниясының 2012 жылғы кірісі 16 пайызға,  жолаушылар тасымалы  14 пайызға ұлғайды. Ал,табысы 870 миллион долларды құрады. 

Әуе компаниясы, сондай-ақ, өз тарихында алғаш рет екі «Airbus A321», бір  «Airbus A320» және екі «Embraer 190» ұшағын  сатып алып, «Fokker-50» ұшақтарын әуе паркінен шығарды.

Елорда экологиясы жақсарады

Астанада Жылу электр орталығы-3 құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба кезең-кезеңімен екі мезгілде жүзеге асырылады. 

Атап айтқанда, бірінші кезең – 2010-2015 жылдар және екінші кезең 2014-2018 жылдар аралығын қамтиды.

Көмек көрсетіледі

Астанада тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мақсатында коммуналдық және байланыс қызметтерін төлеу үшін қаржылай көмек көрсетіледі. 

Өткен жылы Есіл ауданында мұндай көмекті 139 отбасы алды. Сонымен қатар, 27 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болған.

Баспана бағдары

Астана қаласында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау басталды. 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары болып табылатын азаматтар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша арнайы тұрғызылып жатқан үш тұрғын үй кешеніндегі баспаналардан үміттене алады.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − one =