НАҚ-НАҚ

0 91

 Қауымдастыққа жаңа президент сайланды

Бұрнағы күні Спорт баспасөзі қауым­дас­тығының кезекті құрылтай конферен­циясы өтіп, ұйымның президенті болып Ілияс Омаров сайланды.

«І.Омаров – ҚР спорт баспасөзі қауымдастығына лайықты жетекші. Оның білімі мен тәжірибесі біздің ұйымның қызметінде жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді деген ойдамын» деді өз сөзінде отандық спорт баспасөз қызметі қауымдастығының бұрынғы жетекшісі Несіп Жүнісбаев.

Жалған кәсіпкерліктің жолы кесілмек

Қаржы полициясы жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мақса­тын­да екiншi деңгейлi банктерден алуға болатын қолма-қол қара­жат­тың көлемiн шектеудi ұсынды.  

Агенттiктiң статистикасына сәйкес, Қазақстанда «көлеңкелi» экономиканың көлемi кем дегенде ЖIӨ-нiң 20 пайызына тең. Бұл шамамен жылына 5 трлн теңге. Соның ең қомақты бөлiгiн жалған кәсiпкерлiк алады.

Ар-намыс  кодексі жөнінде семинар өтті

Жақында Қазақстан Республикасы­ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша­ департаменті Астана­ қаласының Әділет департа­ментімен бірге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметші­лерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуы туралы семинар өткізді.

Бас қосуды Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы Қ.Мусин ашып, Департамент басшысы – Тәр­тіптік кеңес төрағасы Т.Қаскин «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен мемлекеттік қызмет саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жө­нінде әңгіме өрбітті.

Семинарда мемлекеттік қыз­мет­шілердің Ар-намыс кодексі­нің сақ­та­луы тұрғысында департаменттің инс­пек­ция және бақылау бөлімінің консультанты­ А.Омарәлиева баян­дама жасап, Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі –департамент бас­шы­сы­ның орынбасары Ж.Ақтөреев мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы, азаматтармен қарым-қатынастағы сыпайылық пен­ әдептілік таныту мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Жиналысты Т.Қаскин қоры­тын­дылап, қатысу­шы­лар­дың­ көп­теген сұрақтарына жауап берді.

Таңатар Төлеуғалиев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × one =