НАҚ-НАҚ

0 95

Тұрғындарды тексерді

№4 қалалық емхана мен жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) елорданың «Өндіріс» және «Көктал» кенттері ауданының тұрғындарын тексеріп қайтты. 

Кешенде рентген, УДЗ, ЭКГ орнатылған. Медицина қызметкерлері жедел әдіс арқылы қандағы қант деңгейін анықтап, артериалдық қысымды өлшеп, қажет болған жағдайда, негізінен жоғары көрсеткіштер тіркелгенде, консультациялар берді.

Жолаушы да, жүк те көп тасымалданды

Елордада автомобиль көлік­терімен, соның ішінде жеке кә­сіпкерлердің тасымалдау қызметін қоса есептегенде, биылғы қаңтар-шілде айларында 1 106,9 млн жолаушы тасымалданды. Қаладағы көлік кә­сіпорындары 195,5 млн адамға (17,7%), ал жеке кәсіпкерлер 911,4 млн адамға (82,3%) қызмет көрсеткен. Бұдан басқа, қала ішінде жеті айдың ішінде 63 390,9 мың тонна жүк тасымалданды. Жалпы жүк айналымы 3 750,3 млн тонна/км құрады. 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 10,4% артты.

Сансөйлем

Астанада осынша бала балабақшаға барады.

Кеше…

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның толеранттылық бойынша білім беру кафедрасы ашылды.

Бүгін…

Қазіргі заманғы өнер мұра­жайында Таймас Мұқашевтың зергерлік бұйымдар көрмесі өтіп жатыр.

Ертең…

Тәуелсіздік сарайында Елена Бейсем-бинаның «Жақсы көңіл-күй» атты көрмесі өтеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 7 =