НАҚ-НАҚ

0 73

Балаларға базарлық

Астана қаласының  Есіл ауданында көп балалы және тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан 60 балаға мектеп формасы, кеңсе тауарлары мен рюкзактар, спорт заттары берілді.

Өткен жылы 6 мың балаға жәр­дем көрсетілген. Биыл 8 мың­­ға жуық баланы қамту жоспар­ланып отыр. Атап айтқанда, № 7, 49, 15, 18, 61, 20, 50, 23, 65, 34, 54, 19, 40 мектептерде оқитын балаларға көмек көрсетілді.

«Біз жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз!»

Астанада кәсіпқой автошабандоздар мен байкерлердің қатысуымен «Біз жолдағы қауіп­­сіздікті қолдаймыз!» авто­шеруі өтті.

Автошеру қаланың ескі бөлі­гін­де басталып, сол жағалауда «Бәйтерек» монументінің жанында аяқталды. Олар жол полициясы қызметкерлерінің көліктерінде дыбыс күшейткіш құралдардың көмегімен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жаңа емхана ашылады

Қараша айында елорданың Сарыарқа ауданы аумағында бір ауысымда 750 келушіні қабылдайтын жаңа емхана ашылады.

Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жыл соңына дейін Астана қаласының Алматы-2, Сейфуллин, Жамбыл көшелерінің аумағында жаңа амбулаторлық-емханалық кешен (бір ауысымда 500 келушіге арналған ересектер емханасы мен 250 келушіге арналған балалар емханасы) ашу жоспарланған.

Үздік жарнама таңдалады

Елордада Қазақстан халқы тілдерінің 15-ші қалалық фестивалінің аясында «Үздік жарнама» байқауы өтеді.

Байқауға қатысушылар 3-5 минут­тың ішінде қазылар алқа­сына өздерінің еңбектерін (слайдтар) таныстырып шығады. Байқау қорытындысы 18 қыркүйекте шығарылады. Салтанатты марапаттау рәсімінде байқау жеңім­паз­дары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Сансөйлем

 соңғы жеті айда шағын және орта бизнесте қызмет ететін астаналық кәсіпкерлердің саны 7,7%-ға артып, осынша адамды құрады.

Кеше…

Астаналық циркте «Джунгли шақырады» цирктік бағадарламасы қойылды.

Бүгін…

Астана қаласындағы  №54 мектепте 12 жылдық білім беру жүйесін енгізуге арналған мәжіліс өтеді.

Ертең…

Сағ 11.00-де Абай ескерткшінің алдында Абайдың туған күніне арналған  «Абайдың рухани мектебі» атты әдеби-сазды іс-шара өтеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × one =