НАҚ-НАҚ

0 91

Төтенше тіл ұстарту деген осы…

Астана қаласының өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің диспетчерлері 17 маусымнан бастап негізгі жұмыс орындарында ағылшын тілін үйренді. Әрқайсысы 10 адамнан тұратын 2 диспетчерлік топ оқу барысында шетелдік қонақтардан төтенше жағдайлар туралы түрлі қоңыраулар қабылдап, диалогтар жүргізілді. Ағылшын тілін меңгеру бойынша курс 60 сағат өткізілді. 

 

«Сарыарқа» көпірі сары күзде дайын болады

«Сарыарқа» көпірін жөндеу барысында оның қанаттарын, сыртқы жарық бағаналарын, асфальт-бетон жабынын ауыстыру, жіктерін жабу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, көпірдің тіреулері қайта салынады, көмескі жарық пен тұғыр, шар пішінді стелалар орнатылады. Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекте аяқталады.

«АБАЙДЫҢ РУХАНИ МЕКТЕБІ»

23 тамыз күні сағат 11.00-де Абай ескерткішінің алдында ұлы Абайдың туған күніне арналған «Абайдың рухани мектебі» атты әдеби-сазды шара өтеді.

Өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым етіп, оның рухани мұрасын дәріптейтін дәстүрлі шараның жастарға берері мол.

Бұл күні ең алдымен Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі болады.Сонымен қатар, шара барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Серік Оспанов,танымал дәстүрлі әнші ЕрланРысқали, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының әншісі Перизат Тұрарова Абайдың, Ақылбайдың, Әсеттің әндерін шырқайды. Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Абай мен Шәкәрім бейнелерін сомдайды. Белгілі көркемсөз оқушы Даниял Сабыров Абайдың қарасөздерінен үзінді оқиды. Сондай-ақ, көрермендерге хакімнің даналық сөздері мен өлеңдерінен, қарасөздерінен құралған кітапшалар таратылады.

Кеше

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында  «Астана – арман қала» көрмесі өтті.

Бүгін

«АстанаАрена» стадионында сағ.20.00-де Қарағандының «Шахтер» футбол клубы мен Шотландияның «Селтик» командасы кездеседі.

Ертең

Қазіргі заманғы өнер мұражайы  «Қазақстанның тұңғыш суретші әйелдері» көрмесі өтеді.

 Сансөйлем

 25,4% Астанада 7 айда тауар айналымының көлемі осынша пайызға ұлғайды

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + one =