НАҚ-НАҚ

0 82

«Бақтар маршы»

Астанада ағаштар мен бұталарды күту бойынша жыл сайынғы «Бақтар маршы» акциясы өтті.  Студенттік жасақ елордалық парктің 12 гектарға жуық аумағын тазалап, 70 қап қоқыс шығарды. «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастардың еңбек отрядтарының 150 өкілі бұл күні бақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

«Мектепке жол»

Астанада 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған шара барысында 47 балаға кеңсе тауарлары мен рюкзактар, спорт киімдері берілді. Соның ішінде 15 баланың ата-анасы мүгедектер болып табылады.

Жәрмеңке жұмыс табуға жәрдемдесті

Астанадағы Өнеркәсіптік аймақ ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған 26 кәсіпорын мен жұмыс беруші қатысып, елорданың осы аумағының тұрғындарына жұмыс табуға көмектесті.

Алдағы уақытта осындай жәр­меңке Комсомольский кентінде, Шанхай және Орталық базар аудандарында өтеді. Бос орындар жәрмеңкесі осымен сегізінші рет өткізіліп отыр. Оның негізгі міндеттері азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, оларға әлеуметтік қорғау шаралары туралы, сондай-ақ еңбек нарығындағы ахуал жөніндегі ақпараттар ұсыну болып табылады.

Назар аударыңыз, балалар!

Астана қаласы Жол полициясы басқармасының қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық акция­сына дайындық кезеңі аясында ба­лалардың жол-көлік оқиға­сынан жарақаттануының алдын алу мақсатында қаланың барлық білім мекемелерін тексерді. Автомобиль жолдарының жаяу жүргіншілер жүретін бөлігінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге баса көңіл бөлді. Сонымен қатар, Көлік­тік бақылау өкілдерімен бір­лесіп, балаларды мектепке
тасымалдайтын қалалық көлік кәсіпорындарында да қауіп­сіздік талаптарын сақтау және тиісті лицензиялардың бо­луын тексереді. Жаңа оқу жылының қарсаңында жаяу жүргіншілердің жолақтары, жол белгілері, жол қозғалысын реттеу құралдары, жасанды жарықтандырудың болуы және қойылуы бақылауға алынады.

Сондай-ақ, бұған дейін анық­талған кемшіліктерді жою нәти­желері тексеріледі.

Сансөйлем

Биыл Астанада 1-сыныпқа 12 мыңға жуық бала барады.

 Кеше

«Құрылыс-техникалық колледжінде » (бұрынғы №1 кәсіптік лицей) бос орындар жәрмеңкесі болды.

 

Бүгін

Интернациональный кентінде  Жастар – ауылға!»  Республикалық  жобасы  аясында «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбындағы іс – шарамен  қатар, «Жастар кеңесі орталығы» ашылады.

Ертең

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында «Астана – арман қала» көрмесі өтеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =