НАҚ-НАҚ

0 95

«ЕХРО-2017»  эскиз-жобасының көрмесі

Астанада «ЕХРО-2017» көр­месінің эскиз-нобайларын таныстыру 3 күнге жал­ғасады.

Халықаралық сәулет байқа­уына қатысушылардың еңбе­гімен танысу үшін елорданың кез келген тұрғынына 14-16 тамыз күндері «Көрме» орта­лығының есігі ашық.

Салық төлеушілерге – бірыңғай байланыс орталығы

Астаналық салық төлеушілер осы салаға қатысты барлық ақпаратты телефон арқылы бірыңғай байланыс орталығынан алады. Мемлекеттік қызмет көр­сету, салық заңнамасының басқа да мәселелері бойынша 1414 және 8-800-080-7777 нө­мірлеріне хабарласу тегін.

Емдеу тәжірибесімен бөлісті

Астанаға келген ресейлік мамандар елордалық неврологтар мен реабелитологтарға шеберлік сабақтарын өткізді.

Астанада 2500-ден астам бала сал ауруына шалдыққан. №2 қа­лалық балалар ауруханасында танымал ресейлік мамандар жергілікті дәрігерлермен мүгедек балаларды емдеу тәжірибесімен бөлісті. Оған мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары да қа­тысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта «Жұлдыз-ай» қайырымдылық қоры Астанада шетелдік дәрі­герлердің кеңестерін өткізуді дәстүрге айналдырмақ.

Саньяға сапарлаймыз

Қазан айында «Алматы-Астана-Санья» чартерлік рейсі қайта іске қосылады.

Қытайда жаңа туристік маусымның ашылуына байланысты екі ел арасында ын­тымақтастық келісіміне қол қойылды. Яғни, «Алматы-Астана-Санья» чартерлік рейсі қазан айында қызметін қайта жаңғыртады. «Аталған чартерлік рейс 5 жылдан бері бар. Ал, Алматыдан Хайнань аралына дейінгі тікелей рейс әр 10 күн сайын ұшады. Іс-шара 19 қазан мен 5 мамыр ара­­лы­ғындағы жаңа маусымның чартерлік бағдарламасына ар­налған» дейді қазақстандық туристік компания өкілі Евгения Кирдан.

Сансөйлем

Астанада бірінші жартыжылдықта осыншама пәтер пайдалануға берілді.

Кеше…

Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлт­тық уни­вер­ситетінде Қа­зақ­станның шетелдегі студенттік ұйым­дарының II слеті басталды.

Бүгін…

«Қазақстан» орталық концерт за­лында Құры­лысшылар кү­ніне ар­нал­ған мере­келік концерт өтеді.

Ертең…

Қазіргі за­ман­ғы өнер мұра­жа­йында белгілі шебер Таймас Мұқашевтің әше­кей бұйым­дары көрмесі жал­ға­сады.

Гүлмира Аймағанбет

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × three =