Нақ-нақ

0 100

Өрт сөндірушілер көбейді

Астанадағы өрт сөндірушілер қатары 23 адаммен толықты. Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған түлектер елордадағы өрт сөндіру бөлімдеріне жұмысқа орналасты. Оларды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Мейрам Ысқақов құттықтады.

 Аптаның ауа райы

Осы апта жаңбырлы, бірақ жылы болады. Жеті күн бойы елорда аспанында бұлт үйіріліп, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» МКК хабарлады.

Жол жабылады

Ақаба (канализация) салуға байланысты Мәскеу көшесінің Потанин көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі аралығы он күнге жабылады. Осыған орай, №4 қалалық автобустың бағыты былай өзгереді: Тілендиев даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы – әрі қарай бұрынғы қозғалыс кестесі бойынша.

 Сансөйлем

35 053 Биыл талапкерлерге осынша грант бөлінді.

 Кеше

Тәуелсіздік сарайында «Жақсы көңіл-күй» атты Елена Бейсембинаның көрмесі өтті.

 Бүгін

Тәуелсіздік сарайында «Калейдоскоп» көрмесі өтіп жатыр.

 Ертең

Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақстанның тұңғыш суретші-әйелдері» көрмесі өтеді.

 

*Елордалар ендігі

Астана. «Gevo» компаниясы 2014 жылы Астанада алғашқы дизель қозғалтқышын шығара бастайды. Бұл жөнінде Қазақстанның көлік қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиында ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

 Тегеран. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған Иран Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысты. Х.Рухани елдің жоғарғы заңнамалық органы – Иран Ислам Республикасы Парламенті депутаттарының алдында ант беріп, қызметіне ресми түрде кірісті.

Канберра. Австралия үкіметінің басшысы, солшыл-орталық, лейбористік партияның көшбасшысы Кевин Радд 7 қыркүйекте жалпыға бірдей сайлау өткізілетінін жариялады. Алдағы сайлауда оппозиция көшбасшысы консерватор Тони Эббота жеңіске жетуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Токио. Жапония Халықаралық ғарыш стансасына «Конотори» («Аққұтан») жүк кемесін ғарышкерсіз жіберді. Кеме Тэнэгасима ғарыш айлағынан сәтті ұшып өтті. Ол Халықаралық ғарыш стансасымен 9 тамызда түйіседі деп жоспарлануда.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 13 =