©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
Байланыс аясы кеңейді
Өткен жылы «Астанателеком» қалалық телекоммуникация орталығы Абылай хан даңғылы мен Жастар шағын ауданында орналасқан 18 тұрғын үйге телефон желісін жүргізіп, 15 мың нөмір орнатты.
Жалпы қалалық телекоммуникация желілерінде 110 402 телефон нөмірін қамтитын түрлі модификациялы 3 телефон стансасы, 109 абоненттік байланыс орны, 2 радио жүйесі және 7 базалық станса қызмет етеді.
Тұрғындарды тасиды
Алматы ауданында 11 такси паркі тұрғындарды тасымалдаумен қамтамасыз етеді.
Бүгінде парк аумағында тіркелген автокөліктердің саны үш жүзден асқан. Олар тәулік бойы азаматтарды қаланың кез келген жеріне жеткізуге дайын.
Кеміргіштермен күресуде
Ақпан айынан бастап кәсіпорындар мен көпқабатты үйлерде кеміргіштер мен масаға, басқа да зиянды жәндіктерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды.
Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандары бойынша 1936 үйдің 752-сі залалсыздандырып, 789-ы дератизацияланбақ. Сондай-ақ, 67 үйдің жертөлесінде кеміргіштерді жою үшін жұмыстар жүргізілді.
Интернет арқылы басқарылады
Астанадағы 57 бағдар бойынша жүретін 380 қалалық автобус GPS-трекерлермен жарақтандырылды.
Бұдан былай елорда тұрғындары қалалық автобустардың қозғалысын интернет арқылы бақылай алады. Барлық қалалық автобус бағдарлары Астананың электрондық онлайн картасында maps.astana.kz көрсетілген.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ