НАҚ-НАҚ

0 92

Дауыс беру жалғасуда

«ЕХРО-2017» көрмесінің жаңа логотипі үшін дауыс беру 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін жалғасады. Бүгінге дейінгі дауыс берушілер саны бойынша «Жасыл энергия» логотипі көш бастап тұр.

Әлемдік физика астанасы

Есіл бойындағы елордамыз келесі жылы «Әлемдік физика астанасы» атанбақ. Қазақстан құрама командасына физиканың «IPhO кітабы» тапсырылды. Енді физикадан халықаралық 45 олимпиаданы біздің ел ұйымдастырады.

«Түрлі-түрлі теңдестер»

Елордада мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында алғаш рет «Түрлі-түрлі теңдестер» байқауы өтеді. Қалалық байқаудың іріктеу туры 2-13 тамыз аралығында болады. «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік кәсіп иесі», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Үздік биші», «Үздік орындаушы», «Үздік өнерпаз», «Алтын қалам», «Ең тату отбасы», «Үздік спортшы» және «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады.

Кешенді тестілеу кезеңі

19-22 шілде аралығында талапкерлер кешенді тест тапсырады. Ол 35 тестілеу базасында өтеді. Биыл университеттер базасындағы кешенді тестілеуге Астанадан 5339 түлек қатыспақ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2014 түлек, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 3325 түлек емтихан тапсырады.

Күрделі ота жасалды

Астанада онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға операция жасалды. Күрделі ота Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында Американың Питтсбург университетінің медицина орталығынан келген мамандар көмегімен жүргізілуде. Келгелі бес адамға ота жасалды. Операция күрделілігіне қарай 3 сағаттан 5 сағатқа дейін созылды.

Кеше…

Астанада Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жас-тар мен жасөспірімдер арасында қалалық «Мен және заң» акциясы өтті. Акция аясында көңіл көтеру орындарында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтер жүргізілді.

Бүгін…

Қазіргі заманғы өнері мұражайында «Суретшілер шығармашылығындағы батырлар» көшпелі көрмесі өтуде.

Ертең…

Ұлттық академиялық кітапханада «Best For kids» қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтеді.

Сансөйлем…

10380 Елордада алты айда осынша сәби дүниеге келді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + 8 =