НАҚ-НАҚ

0 72

Келелі отырыс өтті

Астана қаласы корей этно­­мәдени бірлестігінің ұйым­дас­­тыруымен «Атамекен» этно-ме­мо­­риалды кешенінде «Қа­зақ­­стан-2050» стратегиясы» – ХХІ ғасырдағы үлгі мен идея» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Қылмыстық істер анықталды

Көлік полицейлері 5 айда 131 есірткі тарату қылмысын анықтады. Қыз­­меттік жұмыс нәтижелері бо­йынша Көліктегі ішкі істер департаменті бөліністерінің қызметі арқасында есірткі қылмысы 24 пайызға, оның ішінде сату фактісі 39 пайызға төмендеген.

Тегін кеңес береді

Жуырда Республикалық ней­рохирургия ғылыми орта­лы­ғы­ның 5 жылдығы аясында миға ота жасау тәжірибесі мен ней­­ро­­хирургтер мен нев­ро­па­толог­тардың тегін кеңес беруі өтеді.

Емхана ашылды

№1 қалалық аурухана базасында күндізгі стационарда 125 адамды қабылдай ала­­­тын, 40 төсектік екінші маман­дан­дырылған бала­лар­дың кли­­ни­­калық-диаг­нос­ти­калық емханасы ашылды.

Жаңа емхана 80 мыңнан астам балаға қызмет көрсетеді деп жоспарланған.

Кеше…

«Шабыт» шығармашылық сарайында Астананың 15 жылдығына арналған 3D үлгісіндегі картиналар көрмесі ашылды.

Бүгін…

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағ.18.00-де А.Касонаның «Жабайы. Үшінші сөз» мелодрамасы қойылады.

Ертең…

«Сарыарқа» республикалық вело­тре­­гін­де сағ. 13.00-де қазақша күрестен Рес­­публикалық «Қазақстан Барысы» тур­­нирі өтеді.

Сансөйлем

Кейінгі 15 жылда елорда тұрғындарының жас ерекшеліктерінде айтарлықтай өзгерістер болды. Халықтың көп бөлігін 15 жасқа дейінгі балалар құрайды. 2012 жылы елордада 19 500 сәби дүниеге келген. 60 және одан да жоғары жастағылар контингенті 10,4%-дан 6,5%-ға дейін төмендеген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + eight =