НАҚ-НАҚ

0 105

«Жас ұлан» мектебін бітірді

Астанада армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы рес­пуб­ликалық «Жас ұлан» мектебін бітірушілердің оқу орнымен қош­тасу салтанаты өтті. Шарада Рес­пуб­ликалық Ұланның құрметті қа­рауыл ротасы мен «Жас ұлан» мек­тебінің барабаншылар ротасы жұрт­шылыққа өз өнерлерін көрсетті.

«Өтірік» өрт өшірілді

Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелері Астананың сол жаға­лауында орналасқан «Грация 4» тұрғын үй кешенінде шартты түрде өрт сөндіру оқу-жаттығуын өткізді. №2 шақырту рангі бойынша өткен оқу-жаттығу жұмыстарына 18 техника, 1 тікұшақ пен жеке құрамның  90 адамы жұмылдырылды.

Апаттық жағдайдағылар баспана алады

Жыл соңына дейін Астанада апат­ты жағдайдағы тұрғын үйлерде тұратын 180 отбасы жаңа баспанаға ие болады. Астанада әкімдіктің жа­нынан «Елорда даму» ЖШС құ­рылған. Астанада 228 ескі үйді бұзу жоспарланған. Бүгінде апатты жағдайдағы үйлерде тұрып жатқан адамдарға арнап 6 үйдің құрылысы басталған.

Кеше…

Назарбаев Университетінде жо­ғары білім көшбасшыларының екінші Еуразиялық форумы өтті.

Бүгін…

Қ. Қуанышбаев атындағы Мем­лекеттік академиялық қазақ му­зы­калық драма театрында «Қыз Жібек» му­зыкалық драмасының премьерасы болады.

Ертең…

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Птушкинаның «Браво, Лауренсия!..» комедиясы қойылады.

Сансөйлем

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетімдер қатарындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Мәселен, өткен 2012-2013 оқу жылында жоғары оқу орнында оқитын 146 студенттің оқу ақысы төленді. Олардың 17-сі – жетім,  7-еуі – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 17-сі – балалар үйінде тәр­бие­ленуші, 12-сі жастайынан мүгедек болса, 93-і көпбалалы отбасынан шыққан.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 2 =