НАҚ-НАҚ

0 126

2017… көкке жетті

Астана қаласындағы Ғали Ор­­ма­­нов атындағы №7 мектеп-гим­­­на­­зияның 2017 оқушысы «ЕХРО-2017»-ге арналған флешмоб өткізіп, олар 2017 шарды көкке ұшырды.

Нейрохирургтерге кеңес берді

ТМД-да алғаш рет Қазақстан елордасында Нейрохирургия қоғамдастығы Еуропалық қауымдастығының білім курсы (EANS) өтеді. Курстың мақсаты – маман-дәрігерлерге ауруды емдеу тәсілдері туралы ақпараттар беру.

«Көрмедегі» оқыту

Астанадағы «Көрме» ор­­та­­лығында қысқа мерзім­ді оқы­туға арналған «KazTrain­ing&Consulting-2013: Басқару. Мотивация. Бағалау» атты II халық­аралық көрме-конферен­циясы өтті.

«Бірінші болу – батылдық!»

Қала күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі «Бірінші болу – батылдық!» атты қайы­рым­­дылық марафонын өткізуді жоспарлап отыр. Мақсат – ай­­мақтағы мүгедек жандарға қол­дау көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттау.

«Әнім менің – сырласым»

30 мамыр күні Назарбаев орталығында сағат 19.00-де әнші Нұрай Танабаевтың «Әнім менің – сырласым» атты жеке концерті өтеді. Концертке «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамблі мен «Шалқыма» халық биі ансамблі қатысады.

Кеше…

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ака­демиялық қазақ музыкалық драма театрында Дж.Патриктің «Қымбатты Памелла» комедиясы сахналанды.

Бүгін…

«Қазақстан» ОКЗ-да сағат 19.00-де Батырхан Шүкеновтың «Время любви» атты мерейтойлық концерті өтеді.

Ертең…

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Л.Толстойдың «Милости просим, господа неверующие!..» комедиясы қойылады.

Сансөйлем…

Бүгінде елімізде 40 мыңға жуық мүгедек бар екен. Соның ішінде 17 000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жан Астанада тұрады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − nine =