НАҚ-НАҚ

0 78

«Астана Таңдауы»

«Астана таңдауы» бай­қа­уы­­ның ұйымдас­тырушы­ла­­ры өтінім қабылдауды 10 мау­­сым­­ға дейін ұзартуға ше­­шім қабылдады. Оған се­­беп­­: өтінім беруге үлгермей жат­­қан қала тұрғындарының өті­­ніші болып отыр. Бүгінде «Ас­­тана таңдауы» байқауына Астананың 100-ге тарта­ тұрғыны өз таңдауларын ұсы­­нып үлгерді.

«Әуе жыландары»

5,6,7 маусымда Астананың 15 жылдығына тарту ретінде «Әуе жыландары» фестивалі өтеді. Фестиваль қалың көп­шілікке арналған. Астана тұр­ғын­­дары мен қонақтарына таза ауада уақыттарын маз­мұн­ды да көңілді өткізуіне мүм­кіндік туғызады.

«Астана – маған, мен – сүйікті қалама…»

Қазіргі заман өнері мұра­жа­йында елорданың 15 жыл­­ды­ғын мерекелеу аясында «Ас­­тана – маған, мен – сүйікті қалама…» атты балалар шы­­ғар­­­­­­ма­­шы­­лы­­ғы­­ның­ көрмесі ашылды. Байқауға 2-і мен 15 жас аралығындағы 227 бала қа­­тысса, олардың 32-сі – бала­­лар­­ үйінің тәрбиеленушісі, 195-і­­ – мектеп оқушысы. Олар қа­­зы­­лар алқасының төрелігіне кес­­кін­­деме, графика, мүсін өнері техникасында орындалған 246 жұмыс ұсынды.

«Жаяуға жол бер!»

Елордада Астана қа­ла­­сы ІІД Жол полициясы қызмет­­кер­­­лері мен қалалық ЖЖИ сле­­тінің жеңімпаздары жол қозғалысының жас инс­­пек­­тор­­ларының қатысуымен «Жаяуға жол бер!» акциясы өтті.

Кеше…

Н.Назарбаев Оклахомадағы торнадо салдарынан адамдардың өмірі қиылып, зардап шегуіне байланысты Б.Оба­­­маға көңіл айту жеделхатын жол­­­­дады.

Бүгін…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М.Әуезовтің «Айман – Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады.

Ертең…

«Жастар» сарайында «Жайдарман» КТК ойындары өтеді.

Сансөйлем…

Жыл басынан елордада 126 жол апаты тіркеліп, 16 адам қаза тапты. Жол апаттарының жалпы санының 75-і жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Со­ның салдарынан 5 адам көз жұмып, 72 адам түрлі дәрежеде жарақат алса, жаяу жүргіншілердің тікелей кінәсінен 38 жол-көлік апатында 5 адам көз жұмып, 35 адам жараланды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =