НАҚ-НАҚ

0 73

Абоненттік бөлім ашылды

Алматы ауданының тұрғындары үшін 2013 жылдың 1 мамырынан бастап «Астана-БЕО» ЖШС өкілдерімен бірге «Астана-Тазарту» ЖШС-да жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істейтін жаңа абоненттік бөлім ашылды. Жұмыс кестесі 10.00-ден 19.00-ге дейін, сенбіде 10.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліссіз. Демалыс күні – жексенбі.

Тәжірибесін таратты

 Елордада «№ 1 перинаталдық орталығы» базасында «Перзентхана залындағы респираторлық терапиядан жоғары технологияға дейін» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді. РФ Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік-Батыс Федералдық аймағының бас штаттан тыс неонатологы Алексей  Мос­товой өзінің тәжірибесін қазақ­стандық дәрігерлерге таныстырды.

Жәния Әубәкірова концерт берді

Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консер­ваториясы студенттерінің Сим­фониялық оркестрімен бірге өнер көрсетті. Студенттерінің тамаша өнерлерін көрермендер назарына ұсына отырып, Жәния Жақияқызы сахнаға концерттің екінші бөлімінде шықты. Кештің көрігін ол Йоганнес Брамстың «№1 оркестрмен фортепиано үшін концертімен» қыздырды.

Кеше…

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» драмасы қойылды.

Бүгін…

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы филолог­та­рының І съезін өткізеді.

Ертең…

«Қазақстан» ОКЗ-да сағ.19.00-де «Машина времени»  тобының  концерті өтеді.

Сансөйлем…

2012 жылы Астанада концерттерге 1,5 миллионнан астам адам барған. Бұл 2011 жылға қарағанда 1,2 пайызға артық. Қалада барлығы 7 концерт қоятын ұжым бар. 2012 жылы олар 683 концерт өткізген. Соның ішінде филармонияның өткізгені 394 концерт. Қалған 42,3 пайызы эстрадалық концерттердің үлесіне тиесілі. Астананың шығармашылық ұжымдары 2012 жыл бойы 21 жаңа спектакль қойды. Бұл алдындағы жылға қарағанда 10,5 пайызға артық. Барлығы қалада түрлі жанрда 6 мемлекеттік театр мен 1 цирк жұмыс істейді. Алайда, өткен жылы циркке барлығы 10,8 мың адам барыпты. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 58,5 пайызға төмен.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 1 =