НАҚ-НАҚ

0 107

Дәрігерлік кеңес берілді

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» АҚ жетекші дәрігер-кардиологтары Астана қаласының Есіл ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесу-кеңесін өткізді.

Ардагерді құттықтады

Көліктегі ІІД бастығының орын­басары полиция полковнигі Әлі­­бек Оразғалиев пен Ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін ат­­қарушы Есбол Шаймерденов Ұлы Отан соғысының ардагері, іш­­кі істер органдарының зей­­нет­­кері, отставкадағы поли­­ция подполковнигі Иван Ка­­ра­­ваев­­тың үйіне арнайы барып, 7 ма­­мыр – Отан қорғаушылар күні жә­­не 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мей­­рамдарымен құттықтады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні мерекесі кезінде елорданың Ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Мыңнан астам полиция қызметкері мен екі жүзден астам ішкі әскер жауынгері іс-шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіздігін қорғауға жұмылдырылады.

Кеше…

Отан қорғаушылар алаңында Әскери-патриоттық клубтардың салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Бүгін…

Сәкен Сейфуллин мұражайында «Отан қорғау – парызың» атты көрме өтеді.

Ертең…

Тәуелсіздік сарайында «Күйші» фильмінің көрсетілімі болады.

Сансөйлем…

Елордада ең төменгі күн­кө­ріс деңгейі 19617 теңгені құрады. Бұл 2013 жылдың сәуірінде өткен аймен салыстырғанда, 0,3%-ға, 2012 жылдың сәуірімен салыстырғанда – 7,1%-ға өсті. Ең төменгі күнкөріс деңгейі себетінің құрамына ет пен балық (23,8%), сүт, майы аз өнімдер мен жұмыртқа (15,7%), жеміс пен көкөніс (11,1%), нан өнімдері мен жарма өнімдері (7,5%), қант, шай, дәмдеуіштер (1,9%) кірді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 6 =