НАҚ-НАҚ

0 100

Келісті кездесу

Қазіргі заман өнері мұра­жа­йында соғыс ардагерлері Құр­­мантай Айтхожин, Моисей Гольдберг, Леонид Картау­­зов және Алексей Фролов елорданың оқушы жастарымен кездесті. ҰОС ардагерлері жауынгерлік жолдары, майдан даласы және қазіргі бейбіт өмір туралы естеліктер айтып, әңгіме өрбітті.

Ғылыми семинар өтті

С.Сейфуллин атындағы Қа­зақ агротехникалық универ­си­­тетінде Қазақстандық халық­­ара­­лық ынтымақтастық және көптілдік білім беруді дамыту орталығы ғылыми-білім бе­­ру мекемелеріне арналған «Көп­­тіл­­дік арқылы ғылыми білім берушілік инновациялық технология трансфері» атты семинар өткізді.

Балабақша бағдары

Астанада биылғы жылдың 25 сәуірнен 25 мамырына дейін ба­лабақшаларға балаларды топ­­тау мәселелері бойынша жұ­­мыс тобы консультация жүр­­гі­­зуде. Қабылдаудың өзі 3 маусымда басталады. Ата-аналар қа­­жетті ақпараттарды күн сайын (дүйсенбі-жұма) 15.00-ден 18.00-ге дейін № 61 орта мектепте алу мүм­­кіндігі бар.

Кеше…

ҚР Тұңғыш Президенті му­зе­йін­де әзербайжан халқының жал­­пы­­ұлттық көш­­басшысы Гейдар Әлиевтің 90 жыл­­дық мерейтойына арналған «Гей­­дар Әлиев және оның кезеңі» атты көр­­ме ашылады.

Бүгін…

Оқушылар сарайында сағ. 19.00-де­­ Астана қаласы Мем­­ле­­кеттік фи­­лар­­мониясының әншісі Естай Мұ­­қа­­шевтің концерті.

Ертең…

М.Горький атындағы Мемле­кет­тік академиялық орыс драма театрында сағ.18.00-де И.Вырыпаевтың «Валентинов день» ирониялық драмасы қойылады.

Сансөйлем…

1 мамыр – Қазақстан хал­қының Бірлігі күні қарсаңында елордадағы Әділет бас­қар­­масында 6 жас жұп шаңырақ көтеруге тілек білдірді. Жалпы 2013 жылдың 1-тоқсанында елордада 4000-ға жуық неке тіркелген. Оның 600-ге жуығы – ­ интернационалды отбасының өкіл­дері.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + six =