НАҚ-НАҚ

0 85

Әскери әуендер әуеледі

ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің бас қолбасшысының сыйлығына әскери оркестрлер арасындағы «Әскери керней» атты ІІ байқауы аяқталды.

Сайыста Гран-приді Алматы­дан келген ҚР ІІМ ІӘ 5571 әс­ке­­­ри бөлімінің оркестрі жеңіп ал­­­ды. Оған дирижер Елена Ев­с­­­­­тра­­тенко жетекшілік етеді.

«Астана Опера» ашылады

«Астана Опера» мемлекеттік Опера және балет театрының ресми ашылуы ағымдағы жыл­дың 21 маусымына жос­пар­­лан­­ған. 3-8 шілде күндері мұнда елорда күні аясында спектакльдер мен концерттер өтеді.

Театрдың әлемдік премьерасы қазан айында Джузеппе Вердидің «Атилла» операсымен ашылады.

«Денис Тен және оның достары»

Елордада 25 мамырда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен бастамашы болған «Денис Тен және оның достары» бірегей мұз айдыны шоуы өтеді.

Жаңа ұшақ таныстырылды

Астанада Әуе қорғанысы күштерiнiң әскери аэродромында ҚР IIМ Iшкi әскерлерi қажеттiлiгiне сатып алынған «Ан-74ТК-200» жаңа заманауи ұшағы таныстырылды.

Бүгiнгi таңда ұшақ өз санатында ең үздiк әрi сенiмдi болып табылады. Ол ауа райының барлық жағдайында ұша бередi және күй талғамайды. Қолданысқа да қарапайым.

Екі ұрпақ кездесті

Елордадағы №6 мектеп гимназияда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына арналған «Екі ұрпақтың кездесуі» өтті.

Оған Ұлы Отан соғысының ар­­­дагерлері мен мектеп оқу­­шы­­лары қатысты.

Кеше…

«Жауынгер, өз ағашыңды отыр­­­ғы­­зып,­­ өсір» атты Отан қор­­­­ғау­­шы­лар күніне арналған ак­­­­ция өтті.

Бүгін…

«Ажар – ASTANA MALL» СОО-да сағ.18.00-де «Жастар ырғағында» атты әлем халықтарының дәстүрлі билерін  билейтін  флешмоб өтеді.

Ертең…

Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының алаңында сағат 11.00-де  «Достық керуені» өтеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 15 =