НАҚ-НАҚ

0 107

Қосымша вагондар тіркеледі

Жазғы уақытта Қазақстан қала­лары арасына қаты­най­­тын жолау­шылар нөпірі­нің ұлғая түсуіне бай­­ланысты әртүрлі бағытқа қо­сымша вагондар тіркеледі.

Сондай-ақ, 26 мамырдан бас­тап жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестелері өзгереді.

«Әмбебап полицей»

Астана қаласының Ішкі істер депар­таменті «Әмбебап полицей» жобасын жүзеге асыруды бастады.

Аталған жоба күзет және жол поли­циясының саптық бөлім­шеле­рін қосу арқылы олардың уәкілет­тіліктерін ке­ңейтіп, құры­лымдық жағынан жа­ңар­туды қарастырады. Бұл барлық қыл­мыстар мен тосын оқиғаларға әп сәтте шешім қабыл­дауға мүмкіндік береді.

Жерге қатысты іс

Өткен жылы Астанада жер дауына қатысты 600-ден астам іс қаралды. Оның ішінде 450 іс жер телімін мемлекеттің меншігіне қайтарып алуға қатысты қозғалған.

Жер телімін мемлекеттің меншігіне өндіру бойынша көптеген дау-дамайлар әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Әсіресе, Сарыарқа ауданы
бойынша жерге қатысты сот іс­тері баяу қаралады. Оның ішін­де «Өндіріс» жатақханасы тұрғын­дарының ісі де бар.

Автокөлік қозғалысы шектеледі

Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесіне дайындыққа байланыс­ты осы жылдың 24 сәуірінен 2 мамырына дейін Тәуелсіздік даңғылы бойында автокөлік қоз­ғалысына шектеу қойылады.

Сондай-ақ, мереке күндері қалалық ЖПБ қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтіндігін жеткізді.

Кеше…

Қазіргі заманғы өнер мұра­жа­йында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған блиц-көрме ашылды.

Бүгін…

Қала әкімдігі алдындағы алаңда сағ. 17.00-де «Әскери керней» плац-концерті өтеді.

Ертең…

Бейбітшілік және келісім сарайында «Базар жоқ» әзіл-сықақ театры­ның қатысуымен әнші Құрмаш Ма­хановтың концерті өтеді.

Сансөйлем…

Жыл басынан бері 150-ге жуық адам ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарды ластағандығы үшін әкімшілік қамауға алынды. Бүгінгі таңда 15 мың шамасында әкімшілік заңбұзушылықтар тіркелген. Жолға қоқыс тастаған жүргізушілердің 7 мыңнан астамы жазаға тартылды. Заңның ала жібін аттағандарға 68 млн теңге көле­мінде айыппұл салынды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 9 =