©2020 Астана Ақшамы
НАҚ-НАҚ
Астананың ауасы тазарады
Астана қаласының ауасын тазарту үшін бірқатар жұмыстар атқарылған.
Өткен жылыЖЭО-1 және ЖЭО-2 бойынша қалдықтарды азайту үшін №4 қазандық агрегаты жөнделді. Бұл азот қышқылының қалдықтарын салыстырмалы түрде азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жол полициясының техникалық диагностика стансасында тексеруден өту барысында көліктегі газ қалдықтарын бақылайтын арнаулы орын ұйымдастырылды.
Құтқарушылар хабар таратады
Елордалық құтқарушылар кабельдік арналар арқылы өткен жылы 43 рет хабар таратқан.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде астаналық құтқарушылар тұрғындарға «Хабар», «Қазақстан», «ОРТ», «Евразия», «Астана», «КТК» арналары мен отандық радиолар арқылы хабар таратады. «АЛМА-ТВ» және «DIGITAL TV» кабельді телеарналардың белгілерін тоқтату арқылы, 2012 жылы қырық үш рет, ал 2013 жылы екі рет хабар таратылған.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ